Accessibility links

ЕҚЫҰ: “Тәжікстан мен Қырғызстандағы парламент сайлауы халықаралық стандартқа сай өтпеді”


БІШКЕК-ДУШАНБЕ. Ресми хабарға сәйкес, жексенбі күні Тәжікстанда өткен парламент сайлауында президент Э.Рахмоновтың Халықтық-демократиялық партиясы 80 пайыз дауыс алған. Кеше оппозициялық 5 партияның төртеуі сайлау барысында жаппай заңсыздыққа жол берілгені туралы мәлімдеме жасап, оны заңсыз деп тануға шақырды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бақылаушылар миссиясының жетекшісі Петер Айхардың атап көрсетуінше, өткен сайлаумен салыстырғанда бұл сайлауда кейбір ілгерілеушіліктің болуымен қатар, дауыс берілген күні заңсыздықтар кең етек алған. Ал Қырғызстандағы еуропалық ұйым бақылаушыларының мәлімдеуінше, сайлауда бәсекелестік жоғары болды, бірақ халықаралық стандарттар өрескел де жаппай бұрмаланды.
XS
SM
MD
LG