Accessibility links

Ливан президенті үкіметтің биліктен кетуін мақұлдап, бұрынғы премьерге өз міндеттерін уақытша атқаруды жүктеді


БЕЙРУТ. Кеше Ливанның Сирияны қолдайтын үкіметі биліктен кетті. Ливан президенті Эмиль Лахуд үкіметтің өтінішін қабылдап, премьер-министр Омар Қарамиден өз міндетін уақытша атқара беруді өтінді. Үкіметтің кететені парламентте оған сенім білдіру мәселесі қарала бастаған сәтте жарияланды. Дүйсенбі күні Бейрут қаласында ресми биліктің тыйым салуына қарамастан, мыңдаған халық шеруге шығып, Сириядан өз армиясын Ливаннан алып кетуді және үкіметтің биліктен кетуін талап етті. Ливандағы бұл саяси дағдарыс бұрынғы премьер-министр Рафик Әл-Хариридің осыдан екі апта бұрын қастандықтан опат болуынан туып отыр.
XS
SM
MD
LG