Accessibility links

АҚШ федералдық соты президент әкімшілігіне талап қойып отыр


АҚШ федералдық соты президент Буш әкімшілігіне чикаголық бұрынғы гангстерлік топ мүшесі Хосе Падилланы лаңкестік әрекеті үшін айыптап абақтыға салу керек не болмаса оны босату қажет деп талап қойған. Үкімет АҚШ азаматы Хосе Падиллаға АҚШ-тағы бірқатар қонақүй және көп қабатты тұрғын үйлерді жарған және лас бомбы мен террорлық шабуыл жасамақ болған деген айып таққан. Бірақ, ол айыптарды айғақтайтын деректер жеткіліксіз болғандықтан, президент Буштың өзі 2003-жылы тағайындаған судья Хенри Флойд 45 күн ішінде түпкілікті бір шешімге келу керек деп АҚШ әкімшілігіне бұйрық берген.
XS
SM
MD
LG