Accessibility links

Журналист Георгий Гонгадзенің өліміне байланысты іс қайта қозғалып жатыр


Украина президенті Виктор Ющенко осы елде 2000 жылы әзірге беймәлім жағдайда қаза болған тәуелсіз журналист Георгий Гонгадзенің өліміне байланысты істің қайта басталғандығын жариялады. В.Ющенко журналист қазасын терге-тексеретін қылмыстық істі қарауды тоқтатып тастағаны үшін бұрынғы президент Кучманың өкіметін айыптады.

- Георгий Гонгадзенің өліміне байланысты мәселе шешімін табады деп бүгін біздің айтуымызға негіз бар. Гонгадзені өлтіргендер қамауға алынды. Олар қазір куәгерлік анықтамаларын айта бастаған. Осы істі қалай жүргізу жөнінде кеше сөйлескен кезімізде, Гонгадзе өмірінің соңғы кейбір сәттеріне мен қанық болдым. Бұл - аса сұмдық өлім болған деп айтқым келеді сіздерге, - деді Украина елбасы.

В.Ющенко мырза күдікке ілінгендер мен ұсталғандар саны жөнінде ашып айтқан жоқ. “Ендігі маңызды мәселе - осы кісі өлтіру ісін кім ұйымдастырды және басқарды деген сауалға жауап табу, - деді президент В.Ющенко.
XS
SM
MD
LG