Accessibility links

Есірткі проблемасы Ауғанстандағы тұрақтылыққа қауіп төндіруде


Сейсенбі күні БҰҰ жанындағы Есірткіге бақылау жасау жөніндегі ұйымның жылдық баяндамасы жарияланды. Онда есірткі проблемасы Ауғанстандағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырғаны айтылған. Елде 2004 жылы да апиын өндіру ісі одан әрі жалғасқандығы хабарланған. Венада орналасқан аталған ұйымның деректеріне қарағанда өткен жылы Ауғанстанда ең ірі көлемде апиын өндірілген екен. Ресей болса, Еуропадағы героинды көп қолданатын елге айналып отыр.
XS
SM
MD
LG