Accessibility links

АҚШ пен оның одақтастары Сирияға қысымын күшейтуде


Олар Сириядан Ливандағы әскерін шығарып, сондай-ақ ол елдің ішкі істеріне қол сұғуын тоқтатуды талап етіп отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Сирияны Таяу Шығыстағы жақсы өмір мен демократияға кедергі болып отыр деп атап көрсетті. Сирия сондай-ақ, Ирақ көтерілісшілеріне және Израильге қарсы күштерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптады Райс ханым. Сирия елбасы Башар әл-Асад Ливанда тұрған сириялық әскерді алдағы бірнеше ай ішінде шығарып әкететіндерін айтты. Қазір Ливанда Сирияның 14 мыңдай әскері тұр. Алайда, соңғы уақытта Ливанда сирия әскеріне деген қарсылық күшейе түсуде. Әсіресе Ливанның бұрынғы өкімет басшысы Рафик әл-Харири өлтірілгеннен бері елден Сирия әскерін әкетуді талап еткен шерулер жалғасып жатыр. Ал Хариридің өліміне қатысы бар деп өз тарапына айтылған сөзді Сирия жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG