Accessibility links

Дамаск жақын арада өз әскерін Ливаннан алып кету жоспарын жарияламақ


Сирия сыртқы істер министрінің орынбасары әл-Муалімнің Ресей астанасында болған кезде айтуынша, Дамаск жақын арада өз әскерін Ливаннан алып кету жоспарын жарияламақ. Әл-Муалім Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа ол жоспарды Бейрут та қолдап отыр деген. Өткен айда Ливанның бұрынғы бас министрі Харрири қасақана өлтірілгеннен кейін Сирия әскерінің Ливаннан әкетуін талап етушілердің наразылығы күшейе түсті.

АҚШ президенті Джордж Буш жұма күні Сириялық әскерлер Ливаннан түгелдей шығып кетуі қажет деді.

- Бұл мәселеде жартыкеш шара болмауға тиіс. АҚШ, Франция және өзге де мемлекеттер бұл жөнінде айтқанда – сириялық күштердің Ливаннан толық әкетілуін күтеді, - деді президент Буш.
XS
SM
MD
LG