Accessibility links

Қырғызстанда наразы қауым елдің оңтүстігіндегі Жалалабад қаласының әкімшілік ғимаратын басып алды


Ол арада 500-дей адам бар. Ал жұма күні таңертеңнен бастап ол жерге 3000-дай шеруші келіп, жиынға қатысты. Ереуілге келген азаматтың бірі Қален Қалбаев өздерінің талап-арызын былайша жеткізді:

- Біз президент Асқар Ақаевтың қызметтен жедел кетуін талап етеміз. Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтуі керек. Ал наурыздың 13-і күні болатын парламент сайлауының 2-ші кезеңі заң талаптарына сай өтуі лазым.

Жұма күні, сондай-ақ, Нүкен ауданында 3 мыңдай адам күре жолды бөгеп тастаған. Олар парламент сайлауының нәтижелерін заңсыз деп жариялау қажет дейді.

Қырғызстандағы парламент сайлауының алғашқы кезеңіне қатысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ол халықаралық талаптарға сәйкес болмады деп сынады.
XS
SM
MD
LG