Accessibility links

Кісі қолынан қаза болған әзірбайжандық журналист Елмар Хусейновті жерлеу рәсіміне он мыңдай адам қатысты


Журналистің жаназасы жұма күні шығарылып, сол күні жерленді. Әзірбайжанның халықтық майдан партиясынан жетекші Әли Керімлі ғылым академиясында болған жаназа рәсімінде сөзінде:

- Журналист Хусейновті өлтірген оқ халыққа бағытталған еді. Елмар саяси террордың құрбаны болды. Міне, енді бізге ол терроршыларға тиісті соққы беретін уақыт келді, - деді.

Президент И.Әлиев бұл қазаны демократияға соққы деп атап, ол қылмысты жедел тергеуді талап етті. Әзірбайжандық оппозициялық қауым алдағы аптада журналист Хусейновтің қасақана өліміне байланысты шеру ұйымдастырмақшы.
XS
SM
MD
LG