Accessibility links

Ирақта ақпан айында ұрланған Италия журналисі Джулиана Сгрена бүгін Римге ұшып келді


РИМ. Бағдадтағы емханадан шыққан Д.Сгрена ханым Италияға арнайы ұшақпен жеткізілді. Ол кеше Италияның құпия агенттерінің жәрдемімен бүлікшілдер қолынан босатылған-ды. Бірақ, Сгрена отырған көлік тексеру пунктіне жақындаған кезде, АҚШ әскерлері машинаны оқ астына алып, Сгренаның жанында отырған италияндық агентке оқ тиіп, қаза болды. Осы жайтқа байланысты Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони Римдегі АҚШ елшісін шақыртып алып, одан түсініктеме талап етті. АҚШ президенті Джордж Буш С.Берлускониге телефон соғып, болған жағдай үшін кешірім сұрады және ол толықтай тексеріледі деп уәде берді.
XS
SM
MD
LG