Accessibility links

Молдова билігі осы елдегі парламент сайлауына келе жатқан ресейлік 100 шақты адамды елге кіргізбей қойды


Молдова билік орындары осы елде өткелі отырған парламент сайлау қарсаңында сенбі күні республикаға келе жатқан ресейлік 100 шақты азаматтың мемлекеттің аумағына келуіне рұхсат бермей кері қайтарды. Молдова ол бақылаушылар бүгінгі сайлаудағы дауыс беруге кедергі жасайды деп айыптаған. Ресей елшілігінен шекараға ресейліктерді күтіп алуға келген екі өкіл Молдова жағынан осы жайтқа байланысты түсініктеме талап еткенімен нәтиже шықпаған. Сондай-ақ, Молдовадағы сайлауға қатыспақ болған Беларусь елінің бақылаушылары да келген жолымен кері қайтқан. Молдовада парламент сайлауы бүгін өтеді. Жаңа парламент өз кезегінде президентті сайлайтын болады. Ресми Кишинев Приднестровьедегі жікшілдерге қолдау көрсетеді деп Ресейді айыптайды.
XS
SM
MD
LG