Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалалабад қаласының әкімшілігін басып алған сайлауға наразы қауым 2 тәуліктен бері ғимараттан кетпей отыр


Олар өткен жексенбі күнгі парламент сайлауының нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеп, республика президенті А.Ақаевтың қызметтен кетуін талап етуде. Елдің бас министрі Н.Танаев жергілікті әкімшілік әзірге жағдайды бақылап тұр, бірақ, осы ісі үшін тиісті адамдар жауап беретін болады деп ескерткен.

- Қандай да бір күтпеген жағдайға душар болмау үшін біз әліптің артын бағудамыз. Бірақ, бәзбіреулер осы қылығы үшін әділ сот алдында жауап беретін болады, - деді Қырғызстанның бас министрі.

Қырғызстанда жексенбіде өткен парламент сайлауының ресми мәліметінде 31 үміткердің дауыс берудің бірінші кезеңінде жеңіске жеткені жарияланды. Бірақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым бұл сайлау халықаралақ талап деңгейіне сай болмады деп сынады. Сайлауда дауыс берудің келесі кезеңі наурыздың 13-іне белгіленіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG