Accessibility links

Қырғыз оппозициясы президент А.Ақаевтың биліктен кетуін талап етуді жалғастырып жатыр


ЖАЛАЛАБАД. Қырғызстанның оңтүстігіндегі облыстың әкімшілік орталығы – Жалалабад қаласының орталық алаңында президент А.Ақаевтың биліктен кетуін және жуырда болып өткен парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен 2 мыңға жуық адам наразылық шарасын жалғастырды. Бүгін таңертең олардың шағын тобы ішкі істер министрлігінің арнайы күші мен полицейлердің шеруді күштеп таратуына жол бермеу талабы бойынша облыс әкімімен арада келіссөз өткізді. Жалалабадта қырғыз президентін қолдайтын екінші топ та шеруге шықты. Полиция осы екі топтың өзара қақтығысып қалмауы шарасына кірісті.
XS
SM
MD
LG