Accessibility links

Қырғыз оппозициясы: “А.Ақаев кетсін! Облыс әкімі кетсін! Қала әкімі кетсін!”


ЖАЛАЛАБАД. Қырғызстанның Жалалабад қаласындағы облыс әкімшілігі алдында президент А.Ақаевтың биліктен кетуін және парламент сайлауының нәтижесін жоюды талап еткен 2 мыңға жуық адамның наразылық шеруі бүгін жалғасты. Олар “А.Ақаев қызметтен кетсін! Облыс әкімі мен қала әкімі кетсін!” деген талаптап айтып жатыр. Осы қалада, сондай-ақ, президент А.Ақаевты қолдайтындар да шеруге шығып, екі топ өзара қақтығысып қалды. Нарын қаласының іргесінде 1 мыңға жуық адам Қырғыз парламентіндегі оппозициялық “Қырғызстан” фракциясының лидерін сайлаудың екінші кезеңінен шығарып тастағанына наразы болып, ең басты автожолды бөгеді.
XS
SM
MD
LG