Accessibility links

Сирия әскерін Ливанның Бекаа алқабына көшіру екі ел президенттерінің Дамаскідегі кездесуінің ізінше басталмақ


БЕЙРУТ. Сирия мен Ливан президенттері Башар Әл-Асад пен Эмиль Лахуд Сирия әскерін Ливаннан шығару мәселесін талдау үшін дүйсенбіде Дамаск қаласында бас қосады. Ливанның қорғаныс министрі Абдул Рахим Мұрадтың хабарлауынша, Сирия әскерін Бекаа алқабына көшіру екі президенттің осы кездесуінің ізінше басталмақшы. Бірақ ол Сирия күштерін шығару қанша уақытқа созылатыны жайлы нақты айтпады. Ал осы кезде Ливандағы Сирияны қолдайтын “Хезболлаһ” қозғалысы сириялықтардың Ливанда қалуын қолдау үшін халықты сейсенбі күні бейбіт шеруге шақырды. Сирия күштерінің Ливаннан кетуін әлем қауымдастығы мен Ливан оппозициясы талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG