Accessibility links

Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов ел үкіметінің құрамында кезекті өзгертулер жасады


Елдің салық комитетінің басшысы Мұратқұлиев бас министрдің экономика мәселесі жөніндегі орынбасары қызметін қатар атқаратын болды. Республиканың әділет министрі болып Құлқараев, ал экономика және қаржы министрі болып Аннаоразов тағайындалды.

- Қазір басқа заман. Сондықтан, жыл сайын, ай сайын біз ресми орындарды ауыстырып отыруымыз керек, - деді президент Сапармұрат Ниязов.

Бұған дейін бірнеше ресми тұлғаны орнынан алар кезде президент Ниязов оларды «сыбайлас жемқор» немесе «жұмысын орындай алмады» деп сөккен еді.
XS
SM
MD
LG