Accessibility links

Лорд Ф.Джад: “...А.Масхадов пен оның жақын маңындағылар, меніңше, Шешенстандағы саяси процеске қайтаруға тұратын топ болатын”


МӘСКЕУ. Шешен сепаратистерінің Лондондағы өкілі Ахмед Закаев пен шешен партизандарының белгілі қолбасшысы Шәміл Басаев сынды жетекші өкілдері осы сейсенбіде Шешенстанда Ресей әскерінің қолынан қаза болған лидері Аслан Масхадовтың орнына Ичкерия республикасының президенті міндетін атқарушы ретінде шайх Абдул-Кәрім Садуллаевтың сайлануын қолдады. Саяси сарапшылардың пікірінше, Ш.Басаев пен басқа да партизан қолбасшыларына қарағанда, А.Масхадов ұстамды лидер болатын. Өзге шешен көсемдері Ресейге қарсы күресін одан әрі жалғастыруға ант-су ішті. А.Масхадовтың отбасы халықаралық қауымдастыққа марқұмның сүйегін жерлеу үшін оны туыстарына қайтаруға көндіру мақсатында Мәскеуге қысым көрсетуге шақырды. “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Шешенстандағы ахуал бойынша Еуропа Кеңесіне баяндама дайындаған лорд Фрэнк Джад: “А.Масхадовтың қазасына байланысты Ресей өкілдерінің қуанышына мен аң-таңмын. Өйткені А.Масхадов пен оның жақын маңындағылар, меніңше, Шешенстандағы саяси процеске қайтаруға тұратын топ болатын” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG