БАҒДАД. Бүгін Бағдадта экстремистер аудандық полиция басшыларының бірі мен оның бірнеше қызметкерін атып кетті. Сәрсенбі күні Ирақта белгісіз екі зират, оның бірі Сириямен арадағы шекараға жақын Қайым қаласында, екіншісі – Бағдадтан оңтүстікке қараған бетте табылды. Зиратқа 40-тан аса адамның – жауынгерлер мен бейбіт тұрғындардың сүйектері жерленіпті. Сәрсенбі күні Бағдадтағы қонақ үйдің жанында бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан 4 кісі, оның ішінде 2 жанпидашыл-лаңкес қаза болды. Жараланған 40 адамның 30-ы – Ирақта шарт бойынша жұмыс істеп жатқан америкалықтар көрінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?