Accessibility links

Британиядағы арнайы комиссия лаңкестікке қатысы бар деген айыппен тұтқындалған 9 шет елдік азаматты аманатпен босатуға бұйрық берді


Бұлар соңғы 3 жылдан бері ешқандай сот үкімінсіз абақтыда ұсталып келді. Олардың біріне тікелей тексеріп тұратын электр қондырғы тағылған. Тұтқындардың кепілдік шартпен босатылуына бейсенбі күні Британия парламентінің лордтар палатасы лаңкестің жөніндегі заңның кей тұстарын алып тастағаннан кейін мүмкін болып отыр.

БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан бірқатар мемлекеттер лаңкестікпен күрес кезінде адам құқығын бұзып келе жатқанын сынады

- Терроризм - бұл адам құқықтарына және заң ережелеріне тікелей шабуыл деген сөз. Егер біз адам құқықтары мен заң ережесін құрбандыққа шалсақ, онда лаңкестерден жеңілген боламыз, - деді Мадридте өтіп жатқан конференция кезінде Кофи Аннан.

Осыдан бір жыл бұрын наурыздың 11-інде Мадридте екі пойызға қойылған бомба жарылысынан жүздеген жолаушы қаза тапқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG