Accessibility links

Қырғызстан президентінің өкілі президент Асқар Ақаев референдум арқылы өзінің билігін созуы мүмкін деп мәлімдеді


БІШКЕК. Бүгін Бішкекте сөйлеген сөзінде, президенттің өкілі Әбділ Сегізбаев президент референдум өткізіп, өзінің билік мерзімін тағы бес жылға созуы мүмкін деді.

- Қазір оппозиция арандатушылық жасап, президентке қысым көрсетіп жатыр. Сондықтан Ақаев халықтан референдум өткізуді және оның билік мерзімін созуды сұрауы мүмкін, - деді Ә.Сегізбаев.

Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижелеріне қарсы наразылық акциялары жалғасуда. Шерушілер сайлау нәтижелерін жоққа шығаруды және президент Асқар Ақаевтың биліктен кетуін талап етіп отыр. Бейсенбі күні оппозициялық 20 депутат президент Ақаевқа қазан айына тағайындалған президент сайлауын шілде айында өткізуге және қазіргі қос палаталы парламентті қараша айына дейін қалдыруға шақырған хат жолдады.
XS
SM
MD
LG