Accessibility links

АҚШ-та шығатын «Форбс» журналы соңғы жылдағы бүкіл әлемдегі ең бай миллиардер адамдардың тізімін жариялады


Ол тізімнің басында әдеттегіше «Майкрософт» корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. «Форбс» журналының бас редакторы Стив Форбстің айтуынша, әлемде миллиардерлердің саны көбейе түскен.

- Биылғы есеп бойынша, миллиардерлер саны 691-ге жеткен. Яғни, өткен жылға қарағанда олардың саны 104 кісіге көбейген. АҚШ-та 69, Еуропада 38, ал Азияда 13 миллиардер бар екен.

«Форбс» журналының есебі бойынша, өткен кезеңде Қазақстанда 3 миллардер пайда болыпты.
XS
SM
MD
LG