Accessibility links

Кеше Испан елі былтыр Мадридте болған бомбы шабуылының 1 жылдығын аза тұтып, атап өтті


Осыдан тура 12 ай бұрын – 2004 жылғы наурыздың 11-күні, Мадридтегі 2 пойызда жарылған бомбылардан 191 кісі қайтыс болған еді. Жұма күні Мадрид маңайындағы Аточа пойыз бекетінде пойыздар, автобустар арнайы тоқтап, ол арадағы жұрт 5 минут үнсіздік жариялады. Марқұмдарға арнап гүлдестелер қойылып, шырақтар жағылды. Сондай-ақ, Испания астанасындағы шіркеулерде өткен жылғы наурыздың 11-күні бірінші бомбы жарылысы болған уақытқа сәйкес қоңыраулар шалынды. Мадридте бомбы шабуылының 1 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық лаңкестікпен күрес мәселесіне арналған конференция аяқталды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG