Accessibility links

Бүгін БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Терье Род-Ларсен Бейруттен Сирияға ұшып келді


ДАМАСК. Ол Сирия президенті Башар әл-Ассадпен кездесіп, Сирия әскерін Ливаннан шығару мәселесін талқылап жатыр. Ларсен БҰҰ-ы Сирия елбасынан сириялық әскерді Ливаннан шығарудың нақты кестесін күтуде деді. Сирия президенті бұдан бір апта бұрын Сирия әскері Ливанның шығысындағы Бекаа жазығына қарай наурыз айының соңына дейін жылжитын болады дегенімен, әскери күштердің елден қашан шығарылатыны туралы нақты күнді атамаған болатын. Сирия Ливанда 14 мыңдай әскер ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG