Accessibility links

Украина кеше Ирақтағы 150 жауынгерін ол елден шығарды


Ал қазан айына дейін Украина, белгіленген жоспар бойынша, Ирақтағы барлық күштерін алып шығып кететін болады. Президент В.Ющенконың бұйрығымен 1650 сарбаз елге қайтарылады. Дегенмен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс АҚШ пен Украина арасындағы байланыстарды ерекше деңгейдегі қарым-қатынас деп жақсы бағалады. Жұма күні Украина сыртқы істер министрі Тарсюкпен Вашингтонда кездескен Кондолиза Райс, Ирақтағы соғыс кезінде одақтас күштермен бірге болғаны үшін Укаринаға ризашылық білдірді.

Ал Болғария қорғаныс министрлігі өткен аптада Ирақта қаза тапқан болғар сарбазы үшін АҚШ күштері жауапкершілікті өз мойындарына алғанын хабарлады. Бұл арада Мосул қаласында бір қарулы, сенбі күні, 3 сақшыны атып өлтірген.
XS
SM
MD
LG