Accessibility links

Бүгін Қырғызстанда парламент сайлауының екінші айналымында дауыс бере бастады


Бұл сайлау кезеңінде қырғызстандық азаматтар парламенттегі қалған 41 депутаттың орны үшін бәсекелестерге дауыс беріп жатыр. Ақпанның 27-сінде өткен сайлаудың алғашқы кезеңіндегі дауыс беруден кейін, Қырғызстандағы бірқатар аймақтарда наразылық ереуілдері, шерулері болып өтті. Бұл сайлаудың алғашқы айналымын Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі ұйым халықаралық талапқа сай өтпеді деп сынады. Кеше Қырғызстанда наразылық жиындары Жалалабад, Ош және Таласта болып өтті.
XS
SM
MD
LG