Accessibility links

БҰҰ-ның өкілі Род-Ларсен, Сирия әскери күштері мен барлау агенттерінің Ливаннан шығатын уақыты жөніндегі мерзім кестесі анықталғанын айтты


Терье Род-Ларсен кеше Сирия президенті Башар әл-Ассадпен Алеппо қаласында кездесіп, бұл мәселені талқылаған.

- Президент Башар, Қауіпсіздік Кеңесінің 1559-қарарына орай, өз әскерін және барлау қызметін екі мерзімде алып кетуге келісті, - деді БҰҰ-ның өкілі.

Род-Ларсеннің айтуынша, алдымен сириялық күштер наурыз айының соңына дейін Ливанның шығысындағы Бекаа алқабына жеткізіледі. Ал екінші мерзімде, қалған әскери құрам түгелдей шығарылатын болады. Бірақ, ол кездің нақты уақыты жарияланбады.

Бұл арада Ливан президенті Емиль Лахуд Бейруттағы наразылық ереуілін дағдарыс деп, оны тоқтатуға шақырды. Өз сөзінде Лахуд «біз Украинада емеспіз» деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG