Accessibility links

Қырғызстандағы Парламенттік сайлаулардың екінші сатысы жүруде


Қырғызстандағы Парламенттік сайлаулардың екінші сатысы жүруде. Елдің 39 сайлау аймақтарында сайлаулар қайталанып отыр. Ақпанның 27-де болған сайлаулардың алғашқы сатысында Парламенттегі 75 орынның тек 32-сіне ғана иегерлер анықталған болатын. Ал Нарын аймағында өтіп жатқан қарсылық шерулеріне орай сайлаулардың екінші кезеңі наурыздың 20-на қалдырылды. Сайлау комиссиясы өкілдерінің сөзіне қарағанда, сайлаушылардың бүгінгі бұл үдеріске қатысу белсенділігі 50 пайыздан төмен болған жағдайда, кейбіраймақтарда үшінші сатысын өткізу қажеттілігі туындайды. Алдын- ала қорытындылар сайлаудан кейінгі сағаттарда-ақ белгілі болмақшы. Елдің Жалалабад аймағында 2 мыңдай адам сайлауларға және елбасы Асқар Ақаевқа қарсы шерулерін одан әрі жалғастыруда. Ош қаласында 500 адам қатысқан осындай шеру болған екен.
XS
SM
MD
LG