Accessibility links

Оралда жас ақындардың «Наурыз» айтысы өткізіледі


Ақпанның 11-і күні Орал қаласында жас ақындардың «Наурыз» айтысы өтпек. Оған облыстың барлық аудандарда түрлі айыстарда көзге түскен жас айтыскерлер қатысады.

Орал облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының директоры Гүлсім Қалкенқызының айтуынша, жастар айтысы 4-ші рет ұйымдастырылғалы тұр. «Жайық бойында өмір сүрген ақындардың балалры немерелері енді сахнаға шыға бастады» дейді ол.

Ақын Несіпбек Айтұлының айтуынша, Астанадағы Еуразия университеті жанында ашылған айтыс ақындары мұрасын зерттеу орталығына Аманжол Әлтаев, Балығымбек Имашев, Жібек Болтанова, Айбек Қалиев сынды айтыскерлер шақырылып білімдерін, таланттарын шыңдай түсуде.

Қала тұрғыны Тұрсынбек Әбдуев соңғы уақытта айтыс өнері қожырап кетті, сахнаға ондаған айтыскерлер ғана шығады, ауыл елден талантты жастарды неге іріктемеске деген ойын айтады. Айтыскер Балғынбек Имашев "елде ақын Жүрсін Ерманның бастамашылығымен айтыс өнері дамып келеді, теледидардағы жекпе-жек айтысы да жақсы қырынан көріне бастады, бірақ соңғы уақытта телекомпаниялар басшылығы сын пікірлері көп болғандықтан болар айтысты көрсетуден бас тартты" деп отыр.

Еуразия университетінің айтыс ақындары мұрасын зерттеу орталығының қызметкері ақын Несіпбек Айтұлы болса, қайта айтысты жастарымыз тілінен, дәстүрінен алшақтып жатқан заманда, бүкіл теледидарда сырттан келіп жатқан ақпараттар басып жатқан заманда нағыз қажет нәрсе деп есептейді.

Еуразия университетінің айтыс ақындары мұрасын зерттеу орталығы соңғы кездегі республикалық айтыстардың дискісін және аудио таспасын шығарып, екі томдық жинақты да жарыққа шығарып отыр.

- Көзделген мақсаттардың бірі - жастар арасында айтыс өнерін насихаттап, айтыскер ақындардың жаңа толқынын өнер айдынына шығару, - дейді аталған орталықтың қызметкері Несіпбек Айтұлы.
XS
SM
MD
LG