Accessibility links

Қазақстанда жетім балалар саны 96 мыңға жетіп отыр


Ата-анасы жоқ немесе олардан сот шешімімен айырылған балаларды асырап алу мәселесі - Қазақстан қоғамында соңғы 3 жылда қызу пікірталас тудырған тақырыптардың бірі болып қалып отыр. Мәселен, ата-ана қамқорлығынан айырылған әлгіндей балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдік азаматтарға байланысты көптеген айтыс-тартыс туғаны, тіпті бұл мәселе парламентте де қызу талқыға түскені мәлім. Алайда, әлгіндей балалардың арнайы мекемеде (жетімдер үйінде) емес, отбасында тәрбие алуы, яғни патронатты тәрбие керек деген пікірге қоғам мүшелерінің барлығы келіседі. Бұл мәселеде Қазақстан тарапына халықаралық тәжірибе негізінде жергілікті жерлерде отбасын қолдау және патронаттық қызметті дамыту жөніндегі стратегиялық бағдарлама жасақтау міндеті тұр.

Мәселен, ата-ана қамқорлығынан айырылған әлгіндей балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдік азаматтарға байланысты көптеген айтыс-тартыс туғаны, тіпті бұл мәселе парламентте де қызу талқыға түскені мәлім. Алайда, әлгіндей балалардың арнайы мекемеде (жетімдер үйінде) емес, отбасында тәрбие алуы, яғни патронатты тәрбие керек деген пікірге қоғам мүшелерінің барлығы келіседі.

Бұл мәселеде Қазақстан тарапына халықаралық тәжірибе негізінде жергілікті жерлерде отбасын қолдау және патронаттық қызметті дамыту жөніндегі стратегиялық бағдарлама жасақтау міндеті тұр. Қазақстан балаларын шетелдік азаматтарға тәрбиеге берудің дұрыс емес санайтындардың қатарында, Талғар қаласындағы 110 балаға ана болып отырған Тұяқ Қаскенова да бар:

- Қазір деген заман керемет, бәрі бар. Тек қана ерінбей еңбек ет, жолын тап. Сөйтіп жолын тауып отырып, бәрін біліп отырып, қанша кәсіпкерлеріміз, ғалымдарымыз бәрі қарап отырып, балаларыды шет елге жіберуге болмайды. Мен қарсымын, бұл туралы парламентте де 3 күн барып сөйлегенім бар.

Дегенмен, бүгінгі таңда Қазақстан бойынша жетімдер саны көбеймесе, азайып жатқандығы көрінбейді. Мәселен, Қазақстан бойынша олардың саны бүгінгі таңда 96 мыңға жетіп отыр. Алматы қаласындағы №1-ші перзентхананың бас дәрігері Тимур Құлманов, өз баласынан бас тартқандардың көбі студент жастар дегенді айтады:

- Негізінен студенттер, әлеуметтік жағдайы нашар отбасының қыздары.

Осы жағдайды реттеудің бір жолы ретінде, әлгіндей балалардың арнайы мекемеде емес, отбасында тәрбие алуы керек деген ұсыныстар айтылуда. Бұл ойды жүзеге асыру мақсатында 2004-ші жылдан бері Қазақстанда жетімдер үйлерінің балаларын, уақытша отбасына тәрбиеге беру жұмыстары жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде Қазақстан бойынша, мың жарым бала отбасы жағдайында тәрбиеленуде. Бұл турасында «Шығармашылық бастама жөніндегі әйелдер лигасының» жетекшісі Әсия Хайруллина былай деді:

- Сонымен қатар, патронатты тәрбиенің бірден-бір жақсы жағы - баланы алған отбасына мемлекет тарапынан қаржы бөлініп отырады. Ол қаржы бір айға бір бала үшін 17 мың теңгені құрайды.

Патронаттық тәрбие беру мәселесінде, Қазақстан тарапына халықаралық тәжірибе негізінде жергілікті жерлерде отбасын қолдау және патронаттық қызметті дамыту жөніндегі стратегиялық бағдарлама жасақтау міндеті тұр. Осы мақсат үшін жапон үкіметі Қазақстанға БҰҰ-ның адам қауіпсіздігін сақтау жөніндегі арнаулы қоры арқылы 440 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы бермекші.

Қазақстан үкіметі мен ЮНИСЕФ арасында 2005 – 2009 жылдарға арналған «Әрбір бала өз отбасында өсуге тиіс» атты біріккен бағдарлама қолға алынып отыр. Ал балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің сөзіне қарағанда, тағдырдың тәлкегіне салған ата-анасының қолынан гөрі, жылуы бар балалар үйі жақсы.
XS
SM
MD
LG