Accessibility links

Дүйсенбі күні Қытай Парламенті жікшілдікке қарсы заң қабылдады.


Аталған заң егер Тайвань Қытай құрамынан шыға қалған жағдайда оған шабуыл жасауға коммунистік Қытай өкіметіне мүмкіндік береді. Өкімет басшысы Вен Жиабао заңның қабылдануын ақтап алуға тырысты. “Бұл заң Тайвань халқына қарсы бағытталып отырған жоқ. Заң Тайваньдағы тәуелсіз күштерге қарсы және оған тоқтау салу үшін қажет. Ол заң соғысқа рұқсат беретін құжат емес. Ол елдің бейбіт түрде қайта бірігуіне қызмет ететін болады”, деді Қытай өкімет басшысы.

Алайда, Тайвань өкіметі өкілі Ху Жиңтайдың айтуынша бұл заң соғысқа рұқсат береді және ондай жағдайда Қытай жауапкершілікте болмақшы. İс жүзінде Тайвань елі азамат соғысынан кейінгі 1949-шы жылдан бері Қытайдан тәуелсіз түрде өмір сүріп келеді.
XS
SM
MD
LG