Accessibility links

ЕҚЫҰ: “Айтарлықтай және жаппай заңсыздық Македониядағы сайлау барысына нұқсан келтірді”.


СКОПЬЕ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сараптауы бойынша, жексенбі күнгі Македониядағы жергілікті билік тетіктерін сайлауы негізінен әділ де тыныштықта өтті, бірақ көптеген заңсыздыққа жол берілді. Еуропалық ұйым бақылаушылары миссиясының жетекшісі Джулиан Пил Ятстың атап көрсетуінше, “айтарлықтай және жаппай заңсыздық” сайлау барысына нұқсан келтірді. Еуропалық ұйымның мәлімдеуінше, оның 360 бақылаушысы барған 10 пайызға жуық дауыс беру учаскесінде сайлау бюллетеньдерін толтыру кезінде, сайлау учаскелерінің төңірегінде және дауыс берушілерді қорқыту сынды заңсыздықтар тіркелген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG