Accessibility links

Израиль 3 қаланы Палестинаның қадағалауына беруді жоспарлап отыр.


ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль Радиосының хабарлауынша, Израиль армиясы Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Иерихон қаласын сәрсенбі күні және одан кейінгі күндері Тулькарм және Қалқилия қалаларын Палестинаның қадағалауына беруді жоспарлап отыр. Израиль Батыс жағалаудағы 5 қаланы Палестинаның қадағалауына беруге өткен айда Мысырда өткен бас қосудың барысында уәде берген болатын. Бірақ тізімде бірінші болып тұрған Иерихон қаласын беру - қауіпсіздік мәселесінен туған талас-тартыстың салдарынан бірнеше аптаға кешіктірілді. Осы күндері БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннан Таяу Шығысқа соңғы 4 жылдағы алғашқы сапарымен келіп, бейбіт келіссөзді жалғастырудың мүмкіндіктерін талдау мақсатында жексенбіде Израиль премьері А.Шаронмен, дүйсенбі күні Палестина лидері М.Аббаспен кездесті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG