Accessibility links

ЕҚЫҰ: “Қырғызстандағы парламент сайлауы демократия ережелеріне қарама-қайшы өтті”.


БІШКЕК. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстанда болып өткен парламент сайлауы демократия ережелеріне қарама-қайшы өтті деп мәлімдеп отыр. Еуропалық ұйымның атап көрсетуінше, бұқаралық ақпарат құралдары сайлау барысын біржақты сипаттап, сайлаушыларды сатып алуға кең жол берілді. ТМД елдерінің бақылаушылар миссиясы сайлауды әділ де еркін өтті деп бағалады. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы да айтарлықтай заңсыздық болған жоқ деп мәлімдесе, оппозиция ресми билікті сайлау нәтижесін бұрмалады деп айыптап, Жалалабад, Талас және Ош облыстарында наразылық шерулері өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG