Accessibility links

СПИД дертіне қарсы халықаралық жаңа жоба іске аспақшы

  • Досан БАЙМОЛДА

Орталық Азияда соңғы жылдары кең тарап отырған ВИЧ/СПИД індетіне қарсы жұмыс атқарып жүрген «Шығыс-Батыс СПИД қоры» атты халықаралық қоғамдық ұйым аймақтағы 4 мемлекет: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы ВИЧ/СПИД індетіне қарсы 3 жылдық бағдарламаны жүзеге асырғалы отыр.

«Шығыс-Батыс СПИД қоры» атты халықаралық үкіметтік емес ұйымның аймақтық директоры Николя Кантоның айтуынша, жобаны іске асыру үшін Қазақстаннан басқа 3 елден бір-бір облыс таңдап алынса, Қазақстанда Алматы қаласы және Алматы облысы жобаға бірдей қамтылып отыр.

Осы бағдарламаға арнап Голландия үкіметі 3 миллион 200 мың eyроның қаржысын бөліп отыр. Жоба мерзімі - 3 жыл. Бағдарлама бойынша қоғамдағы осы ВИЧ/СПИД дертін тезірек жұқтыратын осал топпен, яғни есірткіні инемен пайдаланатын нашақорлар, кім көрінгенмен жыныстық қатынасқа баратын жезөкшелер және абақты, түрмедегі сотталғандармен жұмыс жүрілмекші.

Бүгінгі күні ресми ақпарат бойынша Қазақстанда БИЧ инфекциясын жұқтырған 4996 адам ал СПИД ауыруымен ауыратын 231 адам бар көрінеді. Алайда мамандар шындық жағдай бұдан да басқаша яғни жұқтырғандар мен ауыратындар саны бұдан алденеше есе көп болуы керек деген болжам айтады.

Алматы облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Серік Жанғабылов болса облыс бойынша БИЧ вирусын жұқтырған 121 адамның тіркелгендігін ал бұның 74,5 проценті есірткі пайдаланатын нашақорлар екендігін айтады. Алматы қаласы бойынша БИЧ вирусын жұқтырған 508 адамның тіркеулі екендігін жеткізді. Бүгінгі күні осы жазылмайтын тажал аурудан біржола айығу еш мүмкін емес болып отыр.

Батыс елдерінде ауыру адамды емдейтін дәрі дәрмектер өте қымбат, ал Қазақстанға келер болсақ осындай ауыруы бар адамға жылына 8 мың АҚШ долларының дәрі дәрмектері жұмсалады екен. Әлемде 40 миллионнан астам адам жазылмас СПИД ауруына шалдыққан деген дерек бар.
XS
SM
MD
LG