Accessibility links

Бағдатта бүгін көліктегі бомбалық жарылыс болды


Оның кесірінен бір бала қаза болып, кемінде 4 адам жараланған. Оқиға қаланың негізінен сүнні мұсылмандары көбірек тұратын аймағында болған. Екінші жарылыс Бағдаттың халықаралық әуе жайына апаратын жолда болған. Бағдатта ертең жаңа сайланған Парламент басқосатын болады. Осы басқосудан бұрын Ирақтағы шиилер мен күрд басшылары коалициялық өкімет құру үшін бүгін тағы да әрекет етуде. Құрамында шиилер басым болып келетін Біріккен Ирақ одағы және Күрд партиясы қаңтар сайлауларында көп дауысқа ие болған-ды. Өкімет құрамын анықтауға қатысу үшін Парламенттегі үштен екі орынға ие болу керек. Осы себепті бұл екі саяси партия өзара бірлесіп, колаиция құруға келіскен еді. Алайда, алты аптадан бері нақты шешім жасала қойған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG