Accessibility links

Ақ үй Косово өлкесінің президенті И.Руговаға қарсы жасалған қастандыққа наразы.


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Косово өлкесінің президенті Ибраһим Руговаға қарсы ұйымдастырылған қастандыққа наразылығын білдірді. Мемлекеттік департаменттің өкілі Адам Эрели Косово басшылығын осы қастандыққа бола адам құқықтары бойынша өз міндеттемелерін ұмытпауға шақырды. А.Эрели бұл қастандықты “нағыз сужүректік” деп бағалап, Құрама Штаттары “қантөгістің кез-келген түріне жол бермейді және ондай әрекет Косовоның болашағына нұқсан келтіреді” деп атап көрсетті. Приштина қаласында Еуроодақтың сыртқы саясатының жетекшісі Хавьер Соланамен келіссөзіне асығып келе жатқан жолында жарылыс болып, И.Ругованың автокөлігіне нұқсан келді. Жапа шеккен ешкім болмады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG