Accessibility links

Саудия ОПЕК-ті өндірістің көлемін тәулігіне 27.5 млн. баррельге дейін өсіруге шақырады.


ИСФАХАН: Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы – ОПЕК-тің Ирандағы бас қосуы қарсаңында көмірсутегінің бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейіне жақындады. Кеше Нью-Йорк биржасында экспортқа сәуір айында қойылатын жеңіл мұнайдың бір баррелі 55.05 долларға жетіп жабылды. Бұл - өткен жылғы 55.17 доллар бағасынан ғана төмен. Мұнай шикізатына деген әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін Сауд Арабиясы ОПЕК-тегі өзге әріптес елдерін 1 тәуліктегі өндірістің көлемін 500 мың баррельге немесе 2 пайызға ұлғайтып, тәулігіне 27.5 млн. баррельге дейін өсіруге шақырды. ОПЕК-ке мүше елдердің министрлері ұйымның өндіріс саясатын талқылау үшін бүгін Исфаханда бас қосады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG