Accessibility links

WorldCom корпорациясының бұрынғы жетекшісі Б.Эбберс айыпты деп танылды.


НЬЮ-ЙОРК: АҚШ тарихындағы ең ірі корпоративтік дағдарыс – 2002 жылы банкротқа ұшыраған WorldCom корпорациясының бұрынғы жетекшісі Бернард Эбберс айыпты деп танылды. Сейсенбі күні Нью-Йорктегі сот алқасы 63 жастағы Эбберске алаяқтықпен 11 млрд. доллар қаржыны жасырып, телекоммуникациялық компанияны банкроттыққа соқтырғаны үшін айыпты деген өкім шығарды. Маусым айында шығарылған шешім бойынша Бернард Эбберс 85 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуға тиіс болатын. Эбберстің өзі бухгалтерлік есеп-қисаптың жай-жапсарын білмедім және компанияда орны болған алаяқтықтардан бейхабар болдым деген уәжбен өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.
XS
SM
MD
LG