Accessibility links

Ресей үкіметі Ш.Басевтың басына 10 млн. доллар ақша тікті.


МӘСКЕУ: Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі – ФСБ – Кремльдің ата жауы болып табылатын чешен сепаратистерінің атышулы қолбасшысы Шәміл Басаевтың бас сауғалаған жері туралы хабар бергендерге 10 млн. доллар сыйақы тағайындағанын мәлімдеді. Оның алдында ғана Ресей үкіметі чешен сепаратистерінің лидері А.Масхадовтың жасырынған баспанасын көрсеткендерге де дәл осындай көлемде сыйақы төлегенін хабарлаған болатын. А.Масхадов өткен аптада Толстой-Юрт ауылындағы арнайы шара барысында оққа ұшты. Дүйсенбі күні Ресей үкіметі ол жасырынған үйді жермен-жексен етіп қиратқанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG