Accessibility links

Бүгін Ирақтың Ұлттық жиналысы бірінші сессиясына жиналып, Италия күзде Ирақтан өз әскерін шығара бастайды.


БАҒДАД: Ирақтың 30 қаңтарда сайланған Ұлттық жиналысы бүгін бірінші сессиясына жиналуға тиіс. Парламент сессиясы шийттер мен күрдтердің саяси көсемдерінің өзара коалициялық үкіметті жасақтаудан бас тартуына қарамастан ашылмақшы. Сайлауда көпшілік дауыс жинаған шийттердің саяси одағы мен күрдтер парламентте жаңа үкіметті жасақтауға жететін үштен екі дауысқа ие. Бірақ екі жақ жаңа үкімет құрамындағы лауазымдарды өзара бөлісе алмай дауласуда. Екіжақты келіссөз барысында жаңа үкіметке сүнни өкілдерін де қосу мәселесі сөз болды. Сүннилердің басым көпшілігі сайлауға байкот жариялаған болатын. Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони кеше Италия өз әскерін Ирақтан осы жылдың қыркүйегінде шығара бастайды деп хабарлады. Алайда ол 3 мыңдық Италия әскерін толық шығару Ирақ үкіметінің елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қашан дайын болуына байланысты екенін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG