Accessibility links

БҰҰ адам құқықтары комиссиясы жылдық сессиясын алтыншы рет өткізді


Соңғы кездері бұл комиссияның қызметі, атқарып жатқан іс-әрекеті жөнінде ащы сындар айтылып жүр. Ал ұйымның бас комиссионері Луис Арбур 53 мүшелі ол құрылымның өкілдері алдында адам құқықтарының өрескел бұзылып жатқандығын мойындаған. Сондықтан бас комиссионер, мәдени және саяси көзқарас қайшылығына қарамай, адам құқықтарының сақталуына басты назарды аудару қажет, дейді.

Бұл 6 шы сессияда бас комиссионер Луис Арбурдың ә дегеннен айтуынша, әлем елдеріндегі адам құқықтары маселесінде дағдарыс бар екедігі шындық. Сондықтан Женевадағы БҰҰ жанындағы комиссия адам құқықтары мәселесіне орай көрқарас қарама-қайшылығын барынша тезірек жойған жөн деп есептейді.

Луис Арбурдың пікірінше, тиісті шарттар бойынша БҰҰ ұйымына мүше елдер адам құқықтары бойынша негізгі принциптерді ұстанып келеді, бірақ ол құқықтардың түгелдей қорғалуын қамтамасыз етуде кемшін тұстар бар екендігі де шындық, дейді.

- Біз адам құқықтары жөніндегі декларацияны негізгі нысана деп қарап оның оырдалуын қадағалаймыз, - дейді бас комиссионер.

Арбурдың айтуынша, Суданның батысындағы Дарфур аймағында болған азаматтардың қорлық, зорлыққа душар болған кезде БҰҰ тиісті көмек беруге кешіккен. Бірақ БҰҰ ол аймақтағы ондаған мың кісі өліміне Хартум үкіметі тікелей кінәлі деп есептейді. Міне сондықтан Африкадағы аймақтық топ Суданды, Зимбабве, Куба және Қытаймен қатар 53тік комиссияға сайлаған.

Суданның батысындағы Дарфур елінде ұлтаралық алалау қырғыны орын алса, Зимбабве, Куба және Қытайдағы адам құқықтарының жиі және өрескел бұзылуын халықаралық ұйымдар көптен бері сынап келеді.

Дегенмен бұл жыйында жеке алынған кей бір мемлекеттегі шараға орай кейбір елдер дұрыс, пайдалы деген пікір айтса, Пәкістан, Қытай және Мысыр мұндай шаралардың арқасында БҰҰның комиссясы саясаттанып барады деген. Ал быйылғы бас қосудың төрағасы Индонезиилық елші Убисоно біре елді қаралай беруге өзінің қарсы екендігін білдірген.

- Адам құқықтарын қорғау жолындағы тиімді әдіс бұл тек қана күйе жағып емес ол жағдайды реттеуде өзара ынтымақтастықты нығайтқан жөн болады. Сондықтан комиссия конструктивті диалог және мемлекеттік мүмкіндікті дамыта түскені дұрыс, - деген мәжіліс төрағасы.

Бірақ бас комиссионер Арбурдың пікірінше, мұндай көзқарас кесірінен кейде комиссия жұмысы дағдарысқа да кезігіп отырған. Оның пікірінше, адам құқықтарын сақтауда, әсіресе бейбітшілікті сақтауда әділеттің орны ерекше. Мысалы зерттеу натижелеріне қарағанда, Ауғанстанда ондаған жылдарға жалғасқан қорлық, зорлық жасағандардың жазаға тартылуын көпшілік талап етеді екен.

- Елдегі бейбітшілік, қауіпсіздік және әділет жөнінде сұралғанда ауғандар алғаш рет кіналылардың жазаға тартылуын талап еткен, - дейді комиссионер.

БҰҰның комиссиясы алдағы апталарда қандай нақты шараларды іске асырмақ ниетте? Алдымен Ауғанстандағы жағдай жөнінде тергеу нәтиежелерін тыңдамақ. Сондайақ, Өзбекстан және Ирақтағы адам құқықтары бұзылуы жөніндегі шағым арыздар да қаралмақ.

Тағы бір ерекше тоқталып өтетін нәрсе бұл Беларус еліндегі адам құқығы саласындағы жағдай. Женевадағы тілшілерге франциялық өкіл Мусилердің айтуынша, Еуропа Одағы мен АҚШ Беларус еліндегі күрделі жағдайға байланысты цензуралық талап та қоюы мүмкін екен.

Ал наурыздың 21інде БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан адам құқықтары комиссиясы және ұйымның өзге де бөлімдеріндегі іс-шаралар бойынша реформалық жоспармен таныстырмақ.
XS
SM
MD
LG