Accessibility links

Алматыда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі ашылды


Қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуге қатысты түрлі идеялар мен жобалардың бұл жолғы жәрмеңкесін Қазақстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Жаңа заман саясаты халықаралық институты бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Жәрмеңкеде ел назарына көбірек түскен тақырып ол экология тақырыбы болды. Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан «Табиғаттың жас жанашырлары» атты жас экологтар ұйымының төрағасы Мамед Махмудовтың айтуынша бұл ұйымның мүшелері экологияны қорғау, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізеді.

Әсіресе Қазақстанда ғана кездесетін Тянь-Шан шыршасын қорғау мәселесіне жас экологтар ұйымы ерекше назар аударатын көрінеді. Бүгінгі күні 512 мүшесі бар бұл жас экологтар ұйымы Қазақстандағы басқадай экологиялық ұйымдармен бірлесіп 3 жылдан бері «Жасыл шыршаны қорғайық» атты ақция өткізіп келеді дейді М.Махмудов.

Оның айтуынша өткен жылы жаңа жыл мейрамы кезінде Талғар қаласында бірде бір жасыл шырша базарларда сатылмаған. Бұған осы жас экологтар ұйымының қосқан үлесі ерекше дейді ол. Қазақстандық эколог М.Мамедов әйгілі Тянь-Шан шыршасын қалай қорғауды жас экологтарға тапсырып осы салады жұмыс жүргізуді айтып отырса ал Қырғызстандық эколог Таштан Қадырбаев екі ел шекарасында өсетін шыршаны қорғаудан гөрі тау басындағы мұздың соңғы жылдары жылдам еріп бара жатқанына аса алаңдаушылық білдіріп отыр.

Оның айтуынша осы мұз ерігеннен болып Ыстықкөл деңгейі жылдам көтеріліп келеді ал бұл болашақта қауіпті дейді ол.

Жастардың осы экологияға қатысты көзқарасы жөнінде «Аккорд» атты қоғамдық даму орталығының үйлестірушісі Камила Төлендиеваның айтуынша табиғаты қорғау, аялау мәселесін жастарға айтып ұғындырудан бұрын осы табиғатқа деген қоғамның көзқарас, пікірін дұрыстаған жөн, ол дұрысталмайынша жағдай өзгермейді дейді ол. Қоғамдағы әлеуметтік мәселерге арналған идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі бейсенбі күні жабылады.
XS
SM
MD
LG