Accessibility links

Бүгін сәрсенбіде Ирақта қаңтардың 30ында сайланған жаңа парламент – Ұлттық ассамблеяның алғашқы мәжілісі басталды.


Ассамблеяда 275 мүше бар. Қауіпсіздік шарасы күшейтілген Жасыл аймақтағы бұл алғашқы отырысты ресми салтанаттық жиын десе болады. Себебі әзірше Шииттер және Күрд саясатшылары Жаңа үкімет құрамы жөнінде бірер мәмілеге келе алған жоқ. Шииттер бір шама басым дауысқа ие болып, күрдтер одағы екінші орында келді.

Ирақ бас министрі Айад Аллауи елдгі саяси жағдайға тоқтала келе, - Күрдтер Саддам Хұсейн билігі кезінде көптеген құрбандыққа барды. Нәтижесінде біздің мемлекеттік біртұтастығымызға бұның игі әсері болды, - деді Аллауи.

Енді бірге есептегенде үштен екі орынға иеленген олар өзара келісіп, Жаңа үкіметті жасақтауы тиіс болады. Сүннилердің көбі қаңтар сайлауына қатыспады.
XS
SM
MD
LG