Accessibility links

Мұнайдың бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейіне көтерілді – 1 баррелі 56.46 долларға жетті.


НЬЮ-ЙОРК: Кеше Нью-Йорктің тауар биржасында мұнай шикізатының бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейіне көтеріліп, сауда 1 баррельдің бағасы 56.46 долларға жетіп жабылды. Мұнай бағасы – сәрсенбі күні мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы – ОПЕК-тің 1-інші сәуірден бастап 1 тәулікте өндірілетін шикізаттың көлемін 500 мың баррельге ұлғайтып, 27.5 млн. баррельге дейін көтеру туралы шешім қабылдауына қарамастан өсіп отыр. Бұл шешім ОПЕК-ке мүше елдердің мұнай министрлерінің Исфахандағы (Иран) бас қосуы барысында қабылданды.
XS
SM
MD
LG