Accessibility links

Кондолиза Райз Қабул сапарын жалғастырды


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райз бүгін Қабул сапарын жалғастырып жатыр. Кондолиза Райз 1989 жылы Совет Одағы Ауғанстаннан кетіп қалғаннан кейін Америка Құрама Штаттары осы елмен әріптестік құрмады, бұл қате болды, мұның арты 11 қыркүйектегі апатқа әкеп соқты деп сипаттады. Ауғана және Америка халықтарына ортақ 11 қыркүйек трагедиясы осы кезеңнен шығып отыр, - деп сипаттады АҚШ сыртқы істер министрі. Кондолиза Райз және Ауғанстан президенті Хамид Қарзай көптен бері кешеуілдетіп келе жатқан парламент сайлауы қыркүйек айына белгіленгенін жариялады. Райз бүгін Пәкістанға бармақ, одан соң Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайға сапар жалғастырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG