Accessibility links

Чубайс аман қалды


Ресей мемлекеттік электроэнергетика компаниясының бастығы Анатолий Чубайсқа бүгін Мәскеуде қастандық жасалып, ол аман қалды. Чубайс тәңертен жұмысқа келе жатқанда машинесінің жолында бомба жарылды, сосын автоматтардан оқ атылды. Чубайс қастандық әрекетін кім ұйымдастырғанын білемін деп қысқа ғана мәлімет айтты. Оқиға жерінде жолай кетіп бара жатқан машина жүргізушісі жараланды. Мемлекеттік Думаның төрағасы Борис Грызлов қылмысты ұйымдастырғандар және оны атқарғандары табылады деп сенім білдірді. Анатолий Чубайс – 1990 жылдарда Ресейдегі жекешелендіру науқанын басқарған болатын.
XS
SM
MD
LG