Accessibility links

Қытай үкіметі Рәбия Қадырды азат етті


Рәбия Қадыр – ұйғыр қауымдастығынан шыққан кәсіпкер-әйел, 1999 жылы қамалып, 2000 жылы наурызда сотталған болатын. Рябия Қадыр АҚШ-та жүрген күйеуіне газет қиындыларын жолдаған болатын. Сол үшін ол мемлекет құпиясын шетелге шығарды деп айыпталып, сегіз жылға кесілген болатын.

Рябия Қадырдың азат етілуі АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райстың Қытай сапары қарсаңында жасалды. Кондолиза Райз Рәбия Қадырдың мәселесін бірінші кезекте талқыламақ. Адам құқықтарын қорғайтын белсенділер Рябия Қадыр Америкаға ұшып келе жатыр деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG