Accessibility links

Ю.Балуевский (Ресей): “Ресей-Қытай армияларының әскери жаттығулары өзара бірлескен іс-қимылын пысықтауды көздейді”.


ПЕКИН: Ресей қарулы күштерінің Бас штаб бастығы Юрий Балуевскийдің мәлімдеуінше, Ресей мен Қытай армияларының осы жылдың соңына қарай өтетін бірінші бірлескен әскери жаттығулары екі елдің қарулы күштерінің өзара бірлескен іс-қимылын пысықтауды көздейді. Күз айында Қытай жерінде өтетін әскери жаттығудың жай-жапсарын Пекинде қытайлық әріптестерімен кеңескен соң генерал Балуевский осылай деп хабарлады. Оның атап көрсетуінше, бұл жаттығуға екі жақтың жаяу әскер мен әскери әуе және теңіз күштерінің бөлімдері қатысады. Қытайлық Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Қытай армиясы Бас штабының бастығы Қытай мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығының нығайып жатқанын атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG