Accessibility links

Бүгін Ресей президенті Франция, Германия және Испания лидерлерімен келіссөз өткізу үшін Парижге барады.


МӘСКЕУ: Бүгін Ресей президенті В.Путин Франция, Германия және Испания лидерлерімен келіссөз жүргізу үшін Парижге ұшып келуге тиіс. Ең алдымен В.Путин францұз президенті Жак Ширакпен жеке келіссөз өткізіп, одан кейін екеуі Елисей сарайында Германия канцлері Герхард Шредермен және Испания премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеромен бас қосып, оның барысында Еуроодақ пен Ресей басшыларының 10 мамырда Мәскеуде өтетін кездесуіне дайындық мәселелерін, сондай-ақ бірқатар халықаралық және аймақтық проблеманы, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды талдайды деп жоспарлануда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG