Accessibility links

Б.Полуэктов (Қырғызстан): “Бірқатар облыста наразылық шаралары әлі жалғасып жатыр”.


БІШКЕК: Қырғызстанның ресми билігі саяси оппозицияны елдегі тыныштықты бұзуды көздеп отыр деп айыптауда. Осыған байланысты ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының бірінші орынбасары Борис Полуэктов үкімет елдегі жағдайды негізінен қадағалап отырғанымен де, бірқатар облыста наразылық шаралары әлі жалғасып жатыр деп мәлімдеді. Қырғыз оппозициясы ресми билікті парламент сайлауының нәтижесін өрескел бұрмалады деп айыптап, оның нәтижесін жоюды талап етуде. Сайлау нәтижесінде президент А.Ақаевты қолдайтын үміткерлер басым дауысқа ие болды.
XS
SM
MD
LG